6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Шымкенттіктер өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Шымкент қаласы әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:
— Ресми веб-сервисте: https:// https://ref.ishymkent.kz/ ;
— Telegram чат боты арқылы: https://t.me/referendum_shymkent_bot;
— iKomek бірыңғай байланыс-орталығы арқылы, телефон 109.