Түркістан облысы аумағындағы елді мекендерде білім ұяларының құрылысы жалғасып жатыр. Қазығұрт ауданында бой көтерген 4 мектептің құрылысына облыстық бюджеттен жалпы 2 528,1 млн теңге қаржы қаралды. Биыл жаңа оқу жылында аудандағы Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «CK New City» ЖШС жүргізді. Сонымен қатар С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Өмірзақ» ЖШС. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат елді мекенінде «Direct Delivery» ЖШС жаңа білім ошағының құрылысын жүргізуде. 300 орындық мектепті…
Автор: aimaq_user
Түркістанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді. Оған облыс әкімдігі, прокуратура, Экономикалық тергеп тексеру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының басшылық құрамы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және қаржылық ұйым басшылары, 100-ден аса бизнес өкілдері қатысты. Маңызды жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кәсіпкерлікті дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арналған Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау, кедергілерді жою жөнінде тапсырма берді. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты арттыру. Бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес-климатты және инвестициялық ахуалды талқылау. Шағын және орта бизнес –…
Түркістан өңірін туристік бағытта жандандыру үшін арнайы жол картасы әзірленді. Онда негізгі 6 тарау қарастырылған. Атап айтқанда, туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, «Open Turkistan» мен аудан, қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру мәселелері қамтылған. Бүгін осы және өзге де жобалар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте таныстырылды. Өңір басшысы туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. – Нақты іске көшетін кез келді. Туризмді дамыту бағытындағы жұмысты жүйелеңіздер. Жол картасындағы әрбір тапсырма орындалуы тиіс. Түркістанды қолөнершілер орталығына айналдыру жолдарын қарастырылсын. Бұл – нақты тапсырма. Гастротуризм, этнотуризм және өзге де тармақтары бойынша жұмысты назарға алып, нақты ұсыныс беріңіздер,…
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Шымкенттіктер өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты. Шымкент қаласы әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады: — Ресми веб-сервисте: https:// https://ref.ishymkent.kz/ ; — Telegram чат боты арқылы: https://t.me/referendum_shymkent_bot; — iKomek бірыңғай байланыс-орталығы арқылы, телефон 109.